Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде ротациялау тәртібінде Бас Прокурордың 15 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Қайрат Әлиханұлы 1972 жылы 16 мамырда Алматы облысының Талғар ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы облысы Талғар ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Әр жылдары бірқатар жауапты басшылық лауазымдарда қызмет еткен.
Оның ішінде Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары, Жамбыл аудынының, Талдықорған қаласының прокуроры, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Тағайындалғанға дейін Павлодар облысының прокуроры лауазымда болды.
Заң мен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасын басқарған Бағбан Таймбетов қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты лауазымынан босатылды.