Қайрат Нұртас жол апатына түсіп қалды

1269

Қайрат Нұртас жол апатына түсіп қалды

Қайрат Нұртас көлік апатына ұшырады.  Белгілі болғандай,  оқиға әнші  Қазалы жерінде концерт өткізер алдында  болған, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Бұл туралы әншінің анасы, продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазып отыр.

"Иә, расында Қайрат көлік апатына ұшырады, тура осы көлікте. Бірақ аман. Аяқтарына сəл зақым келген, Алла қолдап əйтеуір сынбаған. Екі аяғын таңып алып,  Қазалыда халыққа еш білдірмей əнін айтып кетті. Бəріңіз естіп, сұрап жатыр екенсіздер, Инстаға кірсем халық уайымға салыныпты, сол себепті жауабымды беріп, сіздерді уайымсыз болсын деп жазып отырмын. Əуелі Аллаға, сонан соң тілеуін тілеген сіздерге аналық жүрегіммен алғысым шексіз! Сіздердің əрбір дұғаларыңыз Алланың құлағына шалынып, Қайраттарыңыз осындай апаттан тағы да аман қалды.Менің де тілерім: əрбіріңіздің ұл-қыздарыңызға тек амандық, отбасыларыңызға қуаныш!" – деп жазды Г. Айдарбекова әлеуметтік желіге. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу