Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар компания басшылары ұсталды

2062

Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі компаниялар темір жол тарифін негізсіз көтеріп, қыруар пайда тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар компания басшылары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, Қайрат Сатыбалдыұлы және оның әйелі Гүлмира Сатыбалды тағы басқа да күдіктілерге қатысты тергеу жүріп жатыр.

"Тергеу барысында Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы кәсіпорындардың – кірме теміржол желілері (соңғы шақырым) арқылы жасалған ұрлықтың қосымша фактілері анықталды. Аталған тұлғалар Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдегі кәсіпорындардың кірме жолдары қызметтеріне тарифті негізсіз көтеру арқылы миллиардтап пайда тапқаны анықталды", деп жазылған хабарламада.

Бұл азаматтар үшін қызметтер бағасының көтерілуіне алып келген.

"Қайрат Сатыбалдыұлы бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың кінәсіне қатысты соңғы шешімді сот анықтайды", – деп жазылған хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу