"Қайсар" футболшылары 3 айдан бері жалақы алмаған

Жағдай бұлай жалғаса берсе, ойыншылардың матчқа шықпай қоюы мүмкін.  

"Қайсар" футболшылары 3 айдан бері жалақы алмаған Фото: kazfootball.kz

Клубқа соңғы 10 жыл жобасында 20 миллиардтай қаржы қаралған.

Бір жыл бұрын "Қайсар" футбол клубы қызметкерлеріне 6 ай бойы МӘМС-ті төлемеген" деген тақырыпта материал жариялаған едік. 

Inbusiness.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметімен байланысып, мәселенің мән-жайына үңіліп көрді. 

Еске салайық, "қасқырлар" ел біріншілігінің 23-турында "Шахтерге", 24-турында "Тұранға" қарсы ойында басшылыққа бойкот жариялап, ойынға шықпай қалуды ұйғарған. Десе де, жанкүйерлер үшін соңына дейін ойнап, екі ойында да жеңіске жетіп отыр. 

– Ойынға мүмкін шамалы шықпай тұра тұрармыз. Бізге бір ауыз бірдеңе айтар дегенбіз. Мақсатымыз ойынды толық ойнау болды. Біз нақты ақша осындай уақытта болады деген әңгіме естігіміз келіп тұр, - дейді команда капитаны Думан Нәрзілдаев. 

Клуб басшылығы аталған қарыз пандемия кезінде туындағанын айтады. Әрі жыл сайын қарыз азайған. 

– "Қайсар" футбол клубы бүгінгі таңда футболшыларға 3 ай мерзімде жалақы бере алмай отыр. Себебі, 2020 жылы пандемия кезінде клуб бюджеті 34 пайызға қысқарып, соның салдарынан қарыз пайда болған. Аталған қарыз әр жылдың бюджеті есебінен өтеліп келеді. Сондықтан, футболшылар мен жаттықтырушылар құрамына қазіргі таңда жалақы беру мәселесі туындаған. Дегенмен, клуб басшылығы аталған мәселенің шешімін табу мақсатында жұмыстар жүргізуде. Ұжымның ішкі ахуалы бірқалыпты. Команда қаржылық қиындықтарға тап болса да, Премьер-лигадағы ойындарын сәтті өткізуде, - дейді клубтың баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу