Англияның Эссекс графтығында жүк көлігі контейнерінің ішінен табылған 39 мәйіттің ісіне қатысты тергеу амалдары аяқталып, олардың барлығы да қытайлық екені жарияланды.
Марқұмдардың 38-і ересек, біреуі – жасөспірім.
BBC агентігінің дерегіне сүйенсек, контейнер тоңазытқыш ретінде жабдықталған, оның ішіндегі температура шамамен -25 °С жетеді екен.
Жүк көлігі паром арқылы Бельгияның Зебрюгге қаласынан Ұлыбританияның Пурфлит портына келген. Оның тізгінінде болған солтүстікирландиялық 25 жасар жүргізуші қазір қамауда. Оған 39 адамды өлтірді деген айып тағылып отыр.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу