Қайтыс болған 843 мың адамның атына әлі күнге жылжымайтын мүлік тіркелген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында "Салық және кедендік әкімшілендіру" тақырыбында баяндама жасаған ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Жылжымайтын мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік бойынша өңделген 17,3 млн мәліметтердің 2,6 млн мәліметі жаңартылып, ретке келтірілді, – деді ол.
Осы ретте бірінші вице-премьер қайтыс болған мүлік иелері бойынша 843 мың қате жазбалар анықталғанын айтты.
"Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қайтыс болған және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен адамдарға тиесілі иесіз мүлікті иесіз деп тану мәселесін пысықтау керек", – деді Әлихан Смайылов.