Қайтыс болған екінші адамның коронавирус жұқтырғанға дейін де созылмалы аурулары болған

923

Онда қант диабетінің инсулинге тәуелді түрі, күретамырларының қысымы жоғары болған. 

Қайтыс болған екінші адамның коронавирус жұқтырғанға дейін де созылмалы аурулары болған

Бүгін сағат 03.30-да коронавирус жұқтырған тағы бір науқас көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауруханаға ауыр жағдайда түскен, оған екі жақты пневмония диагнозы қойылған.

"Келіп түскен сәтінен бастап созылмалы ауруларының кесірінен пациенттің жағдайы асқына берді. Онда қант диабетінің инсулинге тәуелді түрі, күретамырларының қысымы жоғары болған. 2020 жылдың 22 наурызында жансақтау және шұғыл терапия бөлімшесіне ауыстырылды",– деп жазылған жедел штаб хабарламасында.

Науқаста диагностика кезінде коронавирус инфекциясы анықталған. Коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емдеу бойынша клиникалық хаттамасына сәйкес ем қабылдаған.

"Күн сайын сала мамандарын, соның ішінде Астана медициналық университеті кафедраларының қызметкерлерін тарта отырып консилиумдар өткізілді.
Шұғыл терапияға қарамастан, тыныс алу, жүрек және бүйрек функцияларының жетіспеушілігі белгілері артқан. 2020 жылдың 31 наурызында сағат 03.30-да науқастың жүрегі тоқтады",– деп жазады ақпарат көзі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу