Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауржан Аленов хабарлады.
"5 қазан күні сағат 14:40 шамасында Кеген ауданы Саты а/о аумағында, "Қайыңды-Саты" таулы автожолының 9 шақырымында 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1997 жылғы жүргізушінің басқаруындағы "УАЗ" автокөлігімен соқтығысқан", – деді спикер
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Кеген ауданы ПБ-да тіркелді.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға 6 адам жеткізілді", – деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы.
Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы ПБ УҰИ-ға қамаққа алынды.
"Істі тергеу барысын мен жеке бақылауыма алдым", – деді Бауржан Аленов.