СҚО-да қайың ағашынан көмір өндіретін кәсіпорын жұмысшылары 7 ай жалақы алмаған, деп хабарлайды 24.kz.
Өндіріс ошағы осыдан 2 жыл бұрын Айыртау ауданына қарасты Лавровка селосында іске қосылған. Жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына да еніпті. Серіктестік осы күнге дейін айына 120 тонна қара алтын дайындап, оны Қарағанды қаласына жөнелтетін. Алайда тапсырыстың жоқтығынан жұмысы тұралап қалған. Серіктестік басшысының жұмысшыларына айлық төлей алмай отырған себебі де сол.
"Біздің өнімді сатып алатын қарағандылық кәсіпорын қазір тауарларын экспортқа шығара алмай отыр. Сондықтан біз осындай мәселеге душар болдық. Ақша қалай түседі, айлықты жұмысшыларға бірден таратып беретін боламыз", - дейді серіктестік басшысы Валерий Гусев.