Қалайша мұндай кісі Президенттіке үміткер болды екен?: Заңгер Айгүл Орынбек депутат Қарақат Әбденге шүйлікті

2223

Заңгер Қарақат Әбденге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорлық көріп жүрген қарапайым жұртты көзбен көруге кеңес берді. 

Қалайша мұндай кісі Президенттіке үміткер болды екен?: Заңгер Айгүл Орынбек депутат Қарақат Әбденге шүйлікті Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы заңгер facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Елімізде бір жылдың ішінде 400-ге жуық әйел көз жұматынын, Қарақат ханым біле ме? Әлде Парламент төрі, ойына келгенін айтып кететін жер деп отыр ма?", деді заңгер Айгүл Орынбек.

Айта кетсек, Депутат Қарақат Әбден парламентте "Шетелдікке тұрмысқа шығатындардан салық өндіруді" ұсынған еді.

ҚР президенттігіне үміткер болған депутаттың көтерген мәселесі бірден қоғамның сынына қалды. Тіпті көпшілік жұрт депутат Қарақат Әбденді "өз халқын не мазалайтынын білмейді-ау" деген пікірлер айтты.

"Шетелге тұрмысқа шығатындарға емес, әйелдерді өлтіріп, ұратындарға заң шығарып қатырып алыңдаршы! Қоғамдағы әйелдердің мәселесінен бейхабар адамның пікірі осындай болады. Қалайша бұндай кісі Президенттіке үміткер болды екен?

Ауыл-аймаққа келіп, тұрмыстық зорлық көріп жүрген әйелдердің әңгімесін тыңдап көрсе бұлай демес еді.

Елімізде бір жылдың ішінде 400-ге жуық әйел көз жұматынын, Қарақат ханым біле ме? Әлде Парламент төрі, ойына келгенін айтып кететін жер деп отыр ма? Депутаттардың бәріне ескерту! Халықтың пайдасына, еліміздің болашағына тиісті керек заңдарды қабылдай алмайтын болсаңдар, әр бәлені сандырақтамай мандаттарыңды тапсырыңдар! Тағы бес жыл сендердің цирк қойылымдарыңды көріп отыруға уақыт жоқ!",- деді заңгер Айгүл Орынбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу