Министрлік мердігер ұйым "Си Бу" Инженерлі Бұрғылау Компаниясы" ЖШС-нің ұңғыманы салуға арналған техникалық жобаны және мұнай және газ ұңғымаларын бекіту жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың талаптарын сақтамағандығын хабарлады. Цемент қатаймай тұрып, ұңғыманың сағасы уақытынан бұрын герметизацияланған, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
Тергеп-тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілді.13 наурызда Маңғыстау облысы "Қаламқас" кенорнындағы №8237 ұңғымасында апаттық жағдай орын алған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу