Елімізде қалдықтарды кәдеге жарату үшін 1 млрд 250 миллион теңге бөлінеді.
"Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелеріне" жауапты операторлар бұл қадам компаниялардың қызығушылығын оятады деп отыр. Ал баға әр облыста әртүрлі болады. Қазіргі таңда бағаны реттеумен айналысатын Бақылаушы кеңес жұмыс істеп жатыр. Компания басшылығы атап өткендей қалдықтарды қабылдау сала бойынша жүргізіледі. Мәселен электронды жабдықтар, дөңгелектер, май, аккумалятор және автотранспорт қалдықтары бөлек-бөлек қабылданады. Бұдан бөлек шыны бөтелкелерді де қабылдау басталды. Әр бөтелкенің құны шамамен 7 теңге болып бектілді. Айта кетейік өткен жылы Энергетика министрлігі жанынан құрылған серіктестік қалдықтарды жарату бойынша зауыттың жұмысын бастап кетті",- дейді "ӨКМ операторы" ЖШС Директоры міндетін атқарушы Сергей Юрча.