АҚШ-тың Калифорния штатында өрт салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапты. Бұл туралы ABC News Лос-Анджелес округінің медициналық сараптама департаментінің есебіне сілтеме жасап жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Итон" өртінде 16 адам мен "Палисейдс" өртінде 8 адамның қаза тапқаны расталды", – делінген есепте.
Палисейдс, Херст және Итон аймағы әлі де өртеніп жатыр.
АҚШ ауа-райы қызметінің дерегінше, ең қатты жел сейсенбіде болады деп күтілуде.
Тілсіз жау 1,8 миллионға жуық тұрғыны бар Сан-Фернандо алқабына да таралуы мүмкін.
Лос-Анджелестегі өрттер 7 қаңтар күні басталып, ең алапат өрттердің біріне айналды. Шамамен 10 мың ғимарат өртенді. 180 мыңға жуық адам эвакуацияланған.
Айта кету керек, осыған дейін Калифорния орманын өртеді деген күдікпен ер адам қамауға алынғанын жазғанбыз.