Кальянды пайдалануға қатысты шектеулерді жеңілдету мүмкіндігі қаралып жатыр – ІІМ

176

Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынған. 

Кальянды пайдалануға қатысты шектеулерді жеңілдету мүмкіндігі қаралып жатыр – ІІМ Фото: Pixabay.com

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шынында да, бұл тыйымды жеңілдету бойынша мәселе талқыланып жатыр. Менің әкімшілік полиция комитетіндегі әріптестерім үкімет пен заң шығарушы органдар жанындағы ведомствоаралық жұмыс топтарына қатысып жатыр. Біз қабылданған шешім туралы міндетті түрде хабарлаймыз. Қосымша қоғамдық тыңдаулар да болуы мүмкін деп ойлаймын", – деді Санжар Әділов.

Тілшілер бұл жерде мәселе кальянға қатысты жазаны алып тастау ма әлде шектеулерді жеңілдету туралы болып отыр ма деп нақтылады.

"Бұл мәселе жан-жақты қаралуда. Ең алдымен, Қазақстан аумағына кальян жабдықтарын әкелуге рұқсат беру, оларды пайдалану және қолданылатын заттардың тізбесіне қатысты сұрақтар талқылануда", – деді ол.

Вице-министр вейп өнімдерін сатуға, сақтауға және әкелуге қатысты тыйымдар жеңілдетілмейтінін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу