Қамқоршылық органдарының 8 қызметкері жарты млн балаға қалай қарап отыр?

197

Елімізде қамқоршылық органдарындағы қызметкерлердің саны айтарлықтай аз. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш артуы мүмкін.

Қамқоршылық органдарының 8 қызметкері жарты млн балаға қалай қарап отыр? Фото: Динара Закиеваның әлеуметтік желілердегі ресми парақшасынан

Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Президент Әкімшілігімен және Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп атқарған үлкен жетістік – ол қамқоршылық органдары қызметкерлерінің санын әр 5 мың балаға бір адамнан бекіту болды. Мәселен, қазір Астанада қамқоршылық органдарының 8 қызметкері жарты миллион балаға қарап отыр. Әрине, осы қызметкерлер профилактикалық іс-шаралармен барлығын қамтып үлгермейді, сондай-ақ дер кезінде әрекет етуге уақыттары жоқ, – деді Динара Зәкиева.

Оның айтуынша, бұл тұрғыда тиісті түзетуді Мәжіліс қабылдап, Сенаттың қарауына жолдады. 

– Осы түзету мақұлданғаннан кейін, Астанада 8 емес, 100 қызметкер болады. Ал, Түркістан облысында 17 емес, 180 маман жұмылдырылады. Әр ауданда 12 қызметкерден болады. Бұл өз кезегінде балалардың құқықтарын қорғаудың бүкіл жүйесін түбегейлі өзгертеді, – деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу