Бангкокте бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Шаршы алаңға ең соңғы болып аса ауыр салмақтағы боксшылар шыққан болатын. Өкінішке қарай, қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев алтын үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп жазады Olympic.kz.
91 келіден жоғары салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Жалолов арасындағы кездесу қандай да бір боксшының айқын басымдығымен өткен жоқ.
Алайда, төрешілер сәл ғана басымдықты Жалоловқа беріп, біздің команда капитаны Азияның күмісін қанағат тұтты.
Азия чемпионатында 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет пен 81 келідегі Бек Нұрмағамбет жеңімпаз атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу