Қамшыбек Қоңқабаев Қазақстанның олимпиадалық командасының капитаны. Көк туымызды боксшыға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тапсырған еді. Қамшыбек алғашқы раундтан бастап-ақ өз басымдығын танытты. Төрешілер бір ауыздан бірінші раундта жеңісті Қамшыбекке берді.
Екінші раундта да қазақстандық боксшы қарсыласынан оқ бойы озық өнер көрсетті. Клинчке тырысқан қарсыласына бірнеше соққы дарытып, өзіне ыңғайлы қашықтықта жұдырықтасты. Осының арқасында екінші раундта да Қамшыбек ұпай санымен алға шықты.
Үшінші раундта Вериасов кездесуді уақытынан бұрын аяқтауға тырысқанымен, Қоңқабаев оған еш мүмкіндік берген жоқ. Айқас қорытындысы бойынша Қамшыбек айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға шықты.
Аталмыш кездесуде Ирландия, Ушанда, Аргентина, Моңғолия, Марокко елдерінің төрешілері төрелік етті.
Айта кетсек бұған дейін 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтаған болатын.
Айта кетсек Қамшыбек Қоңқабаев боксты 16 жасында бастаған. Үш баланың әкесі. Әлем чемпионатында екі рет күміс медаль ие