Қанат Шарлапаев Құрылыс кодексі бойынша дауға нүкте қойды

244

Аудит аясында заңбұзушылықтар анықталмады. 

Қанат Шарлапаев Құрылыс кодексі бойынша дауға нүкте қойды Фото: Үкімет

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев депутаттардың сынына қалған Құрылыс кодексі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қаржы министрлігі аудит жүргізді. Аудит аясында заңбұзушылықтар анықталмады. Бұл ұйғарымды 2024 жылдың 18 қазанында алдық. Қаржы министрлігі тек процедуралық сәйкессіздік барын ғана көрсетті, бірақ қаржылық бұзушылықтар болмады. Процедуралық сәйкессіздік үшін тиісті қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылды. Құрылыс кодексін қабылдау бойынша Мәжілісте белсенді жұмыс жүргізілуде", – деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Министр тиісті заң жобасы талқылау нәтижесі бойынша осы кодекстің қабылдануына әкеледі деп сенім білдірді.

Айта кету керек, осыған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Құрылыс кодексінің жобасы барлық нормаға сай келеді деп айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу