Бұл ретте шаһардың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қандай мекемелер жұмысына шектеу қойылмайтынын атап өтті.
"Кәсіпкерлер палатасының ұсынысы бойынша адамдармен тікелей байланысқа түспейтін химиялық тазалау, техника жөндеу орталықтары, көлік жуу, көлік жөндеу орталықтарының қызметіне өзгерістер енгізілген жоқ. Барлық қауіпсіздік шаралары сақталған жағдайда сауда орталықтарындағы сұлулық салондары мен мейрамханалардың жұмыс уақыты ұзартылуы мүмкін", – деді Жандарбек Бекшин.
Еске сала кетсек, 9 желтоқсан Алматыға іс-сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сауда орталықтарының жұмысына уақытына өзгерістер енгізу туралы тапсырма берген еді.
Құралай Құдайберген