Аталған ресми деректерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың көпшілігі келесі елдерден келді:
- 45,8% – Қытайдан;
- 40,9% – Өзбекстаннан;
- 5,4% – Түрікменстаннан;
- 3% – Моңғолиядан;
- 2,3% – Ресейден;
- 2,6 – басқа елдерден.
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,9%-ды және зейнеткерлер 8,4%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,4%-ы жоғары білімді, 26,8%-ы орта кәсіби білімді, 53,6%-ы жалпы орта білімді, және 2,2% білім жоқ.
Еңбек министрлігі елге оралған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанғанын атап өтті.
Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды:
- Ақмола облысы;
- Абай облысы;
- Қостанай облысы;
- Павлодар облысы;
- Атырау облысы;
- Батыс Қазақстан облысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Солтүстік Қазақстан облысы.
Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 765 қандас қоныс аударды.
Ведомство жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылатындығын айтты:
бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде;
тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-дан 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.
Жыл басынан бері 339 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетіліп, 136 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.
Ал, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 152 мыңнан астам этникалық қазақ оралған.