Канье Уэст сайлауға қатысу үшін құжат тапсырды

547

Бұл елдегі саяси дода қараша айында өтеді.

Канье Уэст сайлауға қатысу үшін құжат тапсырды

Америкалық рэпер Канье Уэст АҚШ президенттігіне сайлану үшін тәуелсіз үміткер ретінде Нью-Джерси штатында тіркелді. Бұл туралы осы штаттың сайлау комиссиясы мәлім етті.

Уэст 1322 жақтасының дауысын тіркеген. Тұрып жатқан мекен-жайы ретінде Вайоминг штатын белгілеген, бірақ әзірге сайлау кампаниясының ұранын жарияламады.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп Джо Байденді қолдайтын афроамерикалықтар рэпердің жағына қарай ығысып кетеді дегенді айтқан еді. Байден болса, келесі аптада өзінің оң қолын, яғни жеңіске жеткен жағдай болатын вице-президенттің атын мәлім етеді. Сөзінше, бұл қызметке ол әйел адамды тағайындамақ.

Еске сала кетейік, АҚШ-тағы президент сайлауы 3 қарашада өтеді. Демократиялық партия атынан бұрынғы вице-президент Джозеф Байден, республикалықтардың атынан Дональд Трамп саяси тартысқа түседі.

Табиғат Нұрболат
Фото: thehill.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу