Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Конституцияның қанша адам рақымшылық бойынша бостандыққа шығатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындау жөніндегі қылмыстық атқару жүйелерінде 63 мекемесінде және 16 тергеу изоляторында 40 мыңнан астам адам ұсталуда. Олардың ішінде 33 мыңы сотталған және 7 мыңы тергеу қамауындағы адамдар. Бұдан басқа бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған 27 мыңнан астам адам пробация қызметінің есебінде тұр. Алдын-ала есептеулерге сәйкес, рақымшылық жасауға бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын 6 мың сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам, барлығы 15 мың адам қамтылады", – деді Абзал Құспан.
Оның айтуынша, ҚАЖ мекемелерінен шамамен 632 адам, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған 3,5 мың сотталған, барлығы 4,1 мың адам бостандыққа шығады.
"Бұған жерде еш жерде жарияланбаған тың мәлімет ретінде айта кетейін. Рақымшылық актісін жүзеге асыру барысында қылмыстық жазасын өтеуге соңғы 1 жыл қалған, оң мінездеме берілген 1700-ден астам сотталған азаматтар босап шығуы көзделген. Бас бостандығынан айыру орындарындағы 5400 сотталған адамға және пробация қызметінің есебінде тұрған 5500 адамға жазаның өтелмеген мерзімін саралап қысқарту қолданылатын болады. Барлық мерзімдерді қысқарту 11 мың адамды қамтитын болады деп күтілуде", – деді мәжілісмен.
Абзал Құспан рақымшылық жасау әрекетіне әлеуметтік жағынан осал адамдар санатынан 629 адам жататынын айтты.
"Олардың 57-сі босатылады және 572 адамға мерзім қысқартылады. Рақымшылық жасау туралы заң жобасы 833 әйелге де қатысты, оның ішінде 109-ы босатылады және 724-і мерзімі қысқартылады", – деді ол.
Айта кету керек, бұған дейін жемқорлық қылмыстары үшін сотталған 624 адам түрмеде отырғанын жазған едік.