Қаңтар айында елдегі бөлшек сауда көлемі 1,1 трлн теңгеге жетті

423

Бұл өткен жылмен салыстырғанда ақшалай мәнде 45,6%-ға көп. 

Қаңтар айында елдегі бөлшек сауда көлемі 1,1 трлн теңгеге жетті Фото: Inbusiness.kz

Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша бөлшек сауда көлемі 1,1 трлн теңгені құрады. Бөлшек сауда көлемінің нақты өсімі 20,8%-ды құрап отыр, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Азық-түлік тауарларының бөлшек саудасы бір жылда 21,8%-ға, 292,3 млрд теңгеге дейін артса, азық-түлік емес тауарлар сатылымы 57,4%-ға, 766,8 млрд теңгеге дейін өсті.

Республика бойынша ресми тіркелген бөлшек сауда көлемінің айтарлықтай бөлігі Алматыға тиесілі: 31,7% немесе қаңтар айында 335,8 млрд теңге. Бұл былтырғыға қарағанда ақшалай мәнде 2,1 есеге көп.

Екінші орында Астана орналасты: 128,8 млрд теңге. Көшбасшылар үштігінде Қарағанды облысы бар: 89,3 млрд теңге.

Сектордағы ең төмен көрсеткіштер Ұлытау, Жетісу және Түркістан облыстарында тіркелді.

Сауда кәсіпорындарын меншік түрі бойынша қарастырсақ, бөлшек саудадағы жеке кәсіпорындарға 925,4 млрд теңге тиесілі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда ақшалай мәнде 45,4%-ға артық. Тағы 133,7 млрд теңге шетелдік кәсіпорындардың үлесінде, жылдық өсім – 47,2%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу