Қаңтар айында қазақстандықтар 789 мрд теңгеге сауда жасаған

862

Инфляцияны ескергенде бөлшек сауда 5%-ға төмендеді.  

Қаңтар айында қазақстандықтар 789 мрд теңгеге сауда жасаған

2021 жылдың қаңтарында қазақстандықтар бөлшек сауда желілері арқылы 789,4 млрд теңгеге зат сатып алған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен  — 2,4% жоғары. Алайда инфляцияны ескергенде сектордағы сауда 4,6%-ға төмендеген, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Саудадағы жалпы көрсеткіш бойынша ретейлдың үлесі 33,3%-ды құрады. Бір жыл бұрын статистика 31,9% еді. 

Ресми деректер бойынша, ауылдық жерлерге бөлшек сауданың 7% үлесі немесе 55,1 млрд теңге ғана тиесілі. Бұл салада жағдай 2020 жылдан бері еш өзгермеген. Себебі былтыр да елдімекендерде бөлшек сауданың үлесі  6,8% немесе 52,8 млрд теңге болған. 

Бөлшек сауданың жартысынан көбі еліміздің 3 өңірінде жасалған. Олар: Алматы (255,3 млрд теңге), Нұр-Сұлтан (87,3 млрд теңге) және Қарағанды облысы (77,3 млрд теңге).
Сонымен қатар қаңтардағы бөлшек сауданың үштен екісі – 525,3 млрд теңге азық-түліктік емес тауарларға келеді. Инфляцияны ескергенде, көрсеткіш 7,2%-ға төмендеген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу