Қаңтар мен ақпанда дүкендер мен базарлар 1,5 трлн теңге түсім түсірген

916

Екі айда Алматы қаласы бөлшек сауда көлемі бойынша көш бастады.

Қаңтар мен ақпанда дүкендер мен базарлар 1,5 трлн теңге түсім түсірген

2020 жылдың қаңтар және ақпан айларында бөлшек саудадан түскен қаражат көлемі 1,5 трлн теңгеге жетті: 2019 жылғы көрсеткіштен 10,5%-ға артқан. Бұл туралы ranking.kz басылымы хабарлады.

Қаражаттың 482,8 млрд теңгесі немесе 31,4% азық-түлікке тиесілі. 
Азық-түліктік емес тауарлар сатылымынан түскен қаржы көлемі 1,1 трлн теңгеге (68,6%) жетті. 

Бөлшек сауда секторында табысқа әсіресе шағын кәсіпорындар кенелді: 1 трлн теңге немесе ақшаның 68,2%-ы. Ал орта кәсіпорындарындағы сауда көлемі 147,5 млрд теңге,  ірі кәсіпорындардыкі 341 млрд теңге болды. 

Осы екі айда Алматы қаласы бөлшек сауда көлемі бойынша көш бастады: 518,3 млрд теңге, бұл былтырғы көрсеткіштен 14,6%-ға көп. Ал Нұр-Сұлтан қаласында 162 млрд теңге, Қарағанды облысында 148,2 млрд теңге, Шығыс Қазақстан облысында 130,3 млрд теңге, Ақтөбе облысында 73,1 млрд теңге болды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу