Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде ҰҚК көптеген қызметкері, оның ішінде оның ішінде басшылық буын қызметкерлері тиісті жауапкершілік пен дербестік көрсетпеді. Сонымен қатар олардың кейбіреулері бірқатар қылмыстарға қатысты болды. ҰҚК қатары оның беделін түсірген қызметкерлерден тазарды ма? Болашақта мұндай әрекеттерге жол бермеу үшін қандай шаралар қолданылады?", - деп сұрады депутат Марат Башимов.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаевтың сөзінше, бұл маңызды мәселе.
"Қылмыстық жауапкершілікке ҰҚК-нің 11 қызметкері тартылды. Кейбір істер бойынша тергеу аяқталды, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл қылмыстық қудалауға қатысты. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаңтар оқиғалары бойынша үлкен кешенді қызметтік тергеу жүргізді, оған сәйкес бұйрық талаптары мен қызмет өткеру тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Бұл заң жобасында да белгілі бір түзетулер енгізілмек", - деді ол.
Ведомство өкілінің сөзінше, ҰҚК қатарында әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар.
"Олардың әрқайсысында орындауға тиісті және заңға сәйкес келетін белгілі бір іс-қимыл алгоритмі бар", - деді ҰҚК төрағасының орынбасары.