Қаңтар оқиғасында алматылықтар зор қауіп-қатерге төтеп берді – Тоқаев

1238

Ол қаланы қалыпқа келтіру үшін құзырлы органдарға нақты тапсырмалар бергенін атап өтті. 

Қаңтар оқиғасында алматылықтар зор қауіп-қатерге төтеп берді – Тоқаев

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасында Алматы тұрғындары зор қауіп-қатерге төтеп бергенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Кешегі қаңтар оқиғасы кезінде алматылықтар зор қауіп-қатерге төтеп берді. Сын сағатта қала тұрғындары нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті. Біз ауыз біршіліктің арқасында мемлекетімізді сақтап қалдық. Мен шаһарды қалыпқа келтіру үшін құзырлы органдарға нақты тапсырмалар бердім. Алматыны өркендету және жергілікті жұрттың тұрмыс сапасын жақсарту менің айрықша назарымда", – деді Президент.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу