Қаңтарда бөлшек сауда көлемі 1059,1 млрд теңгені құрады

586

Тиісті ақпаратты Ұлттық статистика бюросы таратты.   

Қаңтарда бөлшек сауда көлемі 1059,1 млрд теңгені құрады Фото: 7kun.kz

2023 жылғы қаңтар айында бөлшек сауда көлемі 1059,1 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 32,6%-ға ұлғайды.

"Азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесі – 27,6%, азық-түлік емес тауарлардікі – 72,4%. Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлік емес тауарлар бойынша, атап айтқанда фармацевтикалық тауарлар, мотор отыны, автомобиль, нан-тоқаш, ұннан жасалған және қантты кондитерлік өнімдер, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, киім, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, косметикалық тауарлар мен жеке гигиена керек-жарақтарын және электр құралдарын сататын кәсіпорындарда байқалды",  -делінген хабарламада.

Бұдан басқа елдегі бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі айтарлықтай үлес Алматы (31,7%) мен Астана қалаларына (12,2%), Қарағанды (8,4%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу