Елордада муниципалдық ақылы тұрақтар жоқтың қасы, дегенмен қала билігі тұрақтардың тарифіне қатысты баға белгілеп отыр, деп жазады kolesa.kz.
Астана әкімінің "Елордада көлік құралдарын тұраққа қою үшін ақы алу және уақытын есептеуге арналған арнайы сертификатталған құралдармен жарақтанған орындарда тарифті белгілеу туралы" қаулысы бүгін, 28 желтоқсанда жарияланды. Құжатқа сәйкес паркомат орнатылған тұрақтарда көлік қоюдың құны сағатына 100 теңге тұрады. Аталмыш тариф тәуліктің қай уақытына арналғаны, тұрақтардың түнгі уақытта және демалыс күндердегі ақысына қатысты мәселе қаулыда айтылмайды.
Қаулы ресми жарияланған соң 10 күннен кейін, яғни 2017 жылғы 7 қаңтарда күшіне енеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу