"Қара алтын" бағасы құбыла бастады

1210

ЕО мен Ұлыбриятанияның Брексит бойынша ортақ келісімге келуі мұнай нарығына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.  

"Қара алтын" бағасы құбыла бастады

Бұған америкалық мұнай институтының шикізат мөлшері көбейіп кетті деп жариялауы түрткі болды. Ресми дерекке сүйенсек, өңделмеген мұнай қоры 10 млн баррельге өскен. Сонымен қатар Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда соғысы жақын арада аяқталмайды деген күдік нарықты алаңдатып отыр.

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі небәрі 36 центке қымбаттап, баррелі 59,10 доллар болды.

 Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 16 центке көтеріліп, барреліне 52.97  долларды құрады.

Бірқатар сарапшының айтуынша, америкалық мұнай қорының өсімі 2017 жылдан бергі ең жоғарғы деңгейге жетіп отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай америкалық ауыл шаруашылығы тауарларын сатып ала бастады деп мәлімдегенімен, тараптар тек келесі айда ғана кездесу өткізгеннен кейін ресми келісімге келеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу