"Қара алтын" бағасы сәл төмендеді

747

Қазір нарыққа АҚШ долларының нығаюы кері әсерін тигізіп отыр.

"Қара алтын" бағасы сәл төмендеді

Нарықтағы ұсыныс артады деген болжамдардан кейін мұнай бағасы төмендеді.Лондондағы ICE Futures биржасында Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 0,2%-ға арзандап, 55,55 болды.11 қаңтарда 55,66 долларға саудаланған еді. WTI фьючерстерінің бағасы 0,11%-ға кеміп, оның бір баррелі 52,19 долларға саудаланып жатыр. 

"WTI баррелінің бағасы 50 доллардан асса, тақтатас өндірісі арта бастайтыны белгілі. Осы орайда трейдерлер алдағы аптада АҚШ-тағы мұнай қоры туралы мәліметтерді бақылайды", –дейді  CMC Market Asia Pacific сарапшысы Майкл МакКарти.

Қазір нарыққа АҚШ долларының нығаюы кері әсерін тигізіп отыр. Соңғы мәлімет бойынша, доллардың негізгі алты валютаға қатысты индексі 0,14%-ға көтерілді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу