"Қара алтын" құны арзандап жатыр

609

Қазір Brent 49,32 долларға саудаланып жатыр. 

"Қара алтын" құны арзандап жатыр

Сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеп жатыр. Бұған АҚШ-тағы шикізат қорының көбеюі мен Дональд Трамптың экономиканы ынталандыруға бағытталған бюджетті бекітпеймін деп мәлімдеме жасауы әсер етті. 
Brent сұрыпты мұнай баррелі 1,52%-ға арзандап, 49,32 доллар болды. WTI фьючерстерінің бағасы 1,49%-ға түсіп, қазір оның бір баррелі 46,32 долларға саудаланып жатыр.

Америкалық мұнай институтының дерегі бойынша, АҚШ-тағы мұнай қоры 2,7 млн баррельге артып, 497,7 млн баррельге жеткен. Бұған дейін сарапшылар 3,2 млн баррельге кемиді деп топшылаған еді. Нарыққа сонымен қатар Ақ үй басшысының соңғы мәлімдемелерінің бірі кері әсерін тигізді. Дональд Трамп өкілдер палатасы мен Сенат мақұлдаған экономиканы ынталандыру туралы құжатқа қол қоймайтынын жариялады.Ол заң шығарушылардан жеке тұлғалар мен шағын бизнеске үлестірілетін қаражат көлемін арттыруды талап етіп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу