"Қара алтын" құны қымбаттады

865

АҚШ Энергетика министрлігі өткен аптада елдегі мұнай қоры 7,99 миллион баррельге төмендегенін жариялады. 

"Қара алтын" құны қымбаттады

6 мамырдағы сауда-саттық барысында эталон сұрыпты мұнай баррелінің бағасы көтерілді, деп хабарлайды іnbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,2%-ға өсіп, 69,10 долларға жетті. WTI фьючерстері 0,11%-ға қымбаттап, бір баррелі 65,70 долларға саудаланып жатыр.

АҚШ Энергетика министрлігі өткен аптада елдегі мұнай қоры 7,99 миллион баррельге төмендегенін жариялады. "Мұнай өңдеу көлемінің артуы мен экспорт мұнай қорының айтарлықтай азаюына әкеліп соқты", – деді ClipperData сарапшысы Мэтт Смит.

Құрама Штаттарда бензин қоры соңғы бес апта бойы көбейіп, бензинге деген сұраныс қысқарған. 

Азиядағы эпидемиологиялық жағдай, әсіресе Үндістанның кейбір аймақтарында локдаун енгізілуі инвесторлардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Карантиндік шектеулер мұнай сұранысына кері әсерін тигізеді деген пікірде мамандар.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу