Министр Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінде қазақ тіліндегі кинокартиналарға сұраныс артып отыр.
"Халыққа рейтингі жоғары фильмдерді қазақ тілінде көрсету – идеологиялық тұрғыдан да аса маңызды. Осы мақсатта біз голливудттық жаңа туындыларды ана тілімізге дубляждау бойынша арнайы жобаны қолға алған едік. Тілге деген ең үлкен қолдау – оны қолдану", - деді ведомство басшысы.
Ақпаратқа сәйкес, аталмыш блокбастер Marvel студиясының қазақ тілінде шығарған жетінші фильмі көрінеді. 10 қарашадан бастап 16 жастан асқан көрермендер блокбастерді кинотеатрлардан тамашалай алады.