Қарағанды – Атасу тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

1377

Оқиға салдарынан төрт адам қаза болып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Қарағанды – Атасу тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

17 ақпан күні сағат 17:00 шамасында Ақой кентінен 15 шақырым қашықтықта Қарағанды қаласына келе жатқан 35 жастағы "Ауди-100" автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Ол қарсы жолға шығып кетіп, "Мазда" автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды 24.kz. 

Алдын ала болжам бойынша апат көктайғақ салдарынан болған. "Ауди-100" автокөлігінің төрт жолаушысы оқиға орынында көз жұмған, ал "Мазда" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу