Бұл ауа райының нашарлауына және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қарағанды облысының Полиция департаменті ауа райы жағдайы жақсарып, жол ашылғанға дейін жүргізушілерді алыс сапарлардан бас тартуға шақырады.
"Барлық жол қозғалысына қатысушылардан сақтық шараларын сақтауды, жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап, төтенше қызметтердің ұсынымдарын ескеруді сұраймыз", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу