Қарағанды облысы тұрғындары өзен жағалауларын тазартып жатыр

2045

Кеңгір су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, сенбілік Балқаш, Нұра, Есіл, Жаман Сары Су өзендері мен су қоймаларында өтті. 

Қарағанды облысы тұрғындары өзен жағалауларын тазартып жатыр

Қарағанды облысында "Бірге –Таза Қазақстан!" экологиялық акциясы жалғасуда

Екінші апта қатарынан Қарағанды облысының тұрғындары "Бірге-Таза Қазақстан!" акциясына қатысуда. 3 тамызда ауқымды экологиялық сенбілікке аймақтың барлық қалалары мен аудандарында 33 мыңға жуық адам шықты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Қатысушылар арасында кәсіпкерлер, еріктілер, экологиялық белсенділер және қала тұрғындары болды.

Кеңгір су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, сенбілік Балқаш, Нұра, Есіл, Жаман Сары Су өзендері мен су қоймаларында өтті. Акцияға қатысушылар Саран су қоймасында және Балқаш қаласындағы Шығыс өнеркәсіп аймағында, Қылыш су қоймасында, Сәтбаев қаласындағы ҚТҚ полигонында қоқыс жинады. Сондай-ақ саябақтарда, гүлзарларда және қалалар мен ауылдардың бас көшелерінде тазалық шарасы жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу