Қарағанды облысында 11 жастағы бала жол апатынан қаза тапты

1064

Қарағанды облысында мотоцикл көлікке соғылып, 11 жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

  Қарағанды облысында 11 жастағы бала жол апатынан қаза тапты

Жол апаты 5 маусымда "Жезқазған – Қарағанда" тас жолында болған. "Восход" мотоциклін 14 жастағы жасөспірім басқарған.

Алдын ала мәлімет бойынша мотоцикл жүргізушісі солдан оңға қарай бұрылмақ болған, алайда Toyota Camry-ге соғылған. Көлікті 42 жастағы жүргізуші тізгіндеген.

Апат салдарынан 11 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Мотоцикл жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

"Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды", - деп хабарлайды Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу