Қарағанды облысында жолаушы толы автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

211

Апат салдарынан бір адам қаза тапты.

Қарағанды облысында жолаушы толы автобус пен жеңіл көлік соқтығысты Фото: e.karaganda

Қарағанды облысында 30 жолаушы мінген автобус пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

E.karaganda порталының жазуынша, 22 қараша күні таңертең Қарағандыдағы 15-ші магистральде "Лада Приора" жеңіл көлігі мен "Ютонг" маркалы № 107 маршруттық автобус соқтығысты. Апат салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты. Осы көліктің жолаушысы мен автобус жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің дерегінше, апаттан зардап шеккен екі адам Қарағанды медицина университетінің қабылдау бөлмесіне жеткізілген. "Лада Приора" жолаушысының жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

"Екінші науқас, яғни автобус жүргізушісі тексерістен кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді", – делінген хабарламада.

Апат кезінде автобус ішінде 30 жолаушы болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу