Қарағанды облысында ақша тиелген инкассатор көлігі өртеніп кетті

411

Бір адам қаза тапты. 

Қарағанды облысында ақша тиелген инкассатор көлігі өртеніп кетті Фото: Бейнежазбадан

Қарағанды облысында инкассатор көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба желіде таралды. 

"Қазпоштаның" Қарқаралы бөлімшесіне тиесілі Lada Largus көлігі инкассация қызметін атқарған. Өкінішке қарай, Lada Largus жүргізушісі, Қарқаралы қаласының тұрғыны жол-көлік оқиғасы орнында көз жұмды. Оның әріптесі ауруханаға жеткізілді. Инкассатор көлігінде 3 миллион теңгеден астам ақша болған, ол көлікпен бірге өртеніп кетті. Қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізуші, Қарағайлы кентінің тұрғыны мас күйінде болған және бір жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған", – делінген желіде тараған ақпаратта.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 2 желтоқсан күні сағат 16:40-та Қарқаралы – Қарағайлы тас жолында болған.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Camry жүргізушісі көлікті басқара алмай Lada Largus көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Көлікте болған 36 жастағы жолаушы және Camry көлігінің 41 жастағы жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Camry жүргізушісі ұсталды, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу