Қарағанды облысында бір тәулікте 77 адам індет жұқтырды

759

12 маусымдағы ахуал бойынша облыста 1419 жұқтыру жағдайы анықталып, 630 пациент жазылып шықса, 7 адам қайтыс болған.  

Қарағанды облысында бір тәулікте 77 адам індет жұқтырды

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 77 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комисси.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша 77 адамнан COVID-19 вирусы табылды. Тіркелген жағдайлар скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.

Қарағанды қаласында – 48, Теміртау – 4, Саран – 3, Жезқазған – 2, Балқаш – 4, Қаражал – 1, Абай ауданында – 2, Бұқар жырау ауданында – 8, Шет ауданында 5 адамнан індет табылды.

Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу