Қарағанды облысында бір учаскелік дәрігерге 1,8 мың тұрғыннан келеді

920

Қарағанды облысында бір учаскелік дәрігерге 1,8 мың тұрғыннан келеді

Қарағанды облысында бір учаскелік дәрігерге орташа есептегенде 1850 тіркелген тұрғыннан келеді. Ол бекітілген норматив - 1700-ден анағұрлым көп. Бұл туралы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстағы емханалар – ол негізінен, ірі ұйымдар. Олардың әрқайсысында 29 учаскеден көп болады. Дәрігерлер мен емделушілер көбінесе тар дәліздер мен кабинеттерде мәжбүр.

"Қарағанды облысының емханаларындағы ауданның тапшылығы бүгінгі таңда 3 мың шаршы метрді құрайды, - деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі. – Қазір біздің басты міндетіміз – аумақтық учаскілерді бөлу болып табылады. Бір дәрігерге тіркелген тұрғындардың саны 1700-ден аспауға тиіс".

Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, қаламыздың халық көп қоныстанған аудандарында шағын емханалар құру бұл мәселені шешуге септігін тигізуге тиіс. Осылайша, тұрғындарды бір қадамдық қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге болады.

Денсаулық сақтау басқармасында алдағы 3 жылға емханалар желісін дамыту және жаңғырту жоспары құрылған. Жоспарда демографиялық көрсеткіштер мен аймақтық ерекшеліктер ескерілген. Алайда бірінші кезекте жұмыс істеп жатқан емханалардағы аудандарды анағұрлым тиімді қайта бөлу өткізіледі деп көзделіп отыр.

Сонымен қатар халық көп қоныстанған аудандарда жаңа Отбасылық денсаулық орталықтары салынатын болады.

"Біз белсенді түрде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мүмкіндіктерін пайдаланып жатырмыз. Биылғы жылы Қарағандыда екі шағын емхана ашылды – Можайск және Ержанов көшелерінде. Қаламызда тағы үш Отбасылық денсаулық орталықтарын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Елбасының тапсырмасы бойынша, жақын уақытта "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қаражаты есебінен Теміртауда емхананың құрылысы басталады. Қазіргі таңда Балқашта емхана салу мәселесі талқыланып жатыр. Осылайша, біз бір қадам қолжетімділікпен халықты медициналық қызметтермен қамтамасыз етеміз", - деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу