Қарағанды облысында биылғы жылы 730 жол апаты орын алды

1164

Өткен жылы ол көрсеткіш 797 болған. 

Қарағанды облысында биылғы жылы 730 жол апаты орын алды

Жолдардағы апаттық жағдайлар туралы Қарағанды облысының ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары Олжас Арынов мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен жылы ол көрсеткіш 797 болған. Соңғы бес жылдың жалпы статистикасын алар болсақ, жол бойындағы қайғылы оқиғалар саны азайып келеді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол апаттарының басым бөлігі болжалды. 

"Әрбір үшінші жол апаты жылдамдықты асырумен байланысты болады. Ал әрбір тоғызыншы апат жаяу жүргіншілер өтетін аумақтарда ереже бұзу және қарсы жолаққа шығып кетумен байланысты. Бүгінгі таңда жол апаттарының 80% жүргізушілердің кінәсінен болып жатады", - деп атап өтті Олжас Арынов. 

Ол сонымен қатар жолдардағы апат санын төмендетуге септігін тигізетін бірқатар ұсыныстар жасады. Оның ішінде, трассаларда қарама-қарсы жолақтарды бөліп тұратын бөгеттер орнату, жарық шағылысатын белгілер қою және тағы да басқалары. Жолдың тік өрлеу жерлерінде бетпе-бет қақтығыстарды болдырмау үшін полицейлер "қосымша арнайы жолақтар" слуды ұсынып отыр. Олар баяу жүретін үлкен жүк көліктеріне арналады. 

Сондай-ақ отырыста кәмелетке толмағандар арасындағы тәртіп бұзушылықтар мен заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтылды.

Осы жылдың соңғы 9 айында облыста жасөспірімдер қылмысы сәл жоғарылағаны байқалады (151-ден 156-ға дейін). Негізінен ол ұрлық пен тонауға қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу