Қарағанды облысында "электронды бақташы" пайда болады

611

Қарағандыда 2022 жылы 18 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан бағдаршамдарды басқару жүйесін ауыстыруды бастау жоспарлануда.

Қарағанды облысында "электронды бақташы" пайда болады

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында "электронды бақташы" жүйесі енгізіледі. Бұл жануарлардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғаларды азайтуға көмектеседі. Пилоттық жоба туралы онлайн режимде өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz  өңір басшысының сайтына сілтеме жасап. 

Жол апаттарына жануарлардың жолға шығып кетуі де себеп болып жатады. Бүгінде республикалық трассаларда торлы қоршаулар орнату жалғасуда.

Сондай-ақ жайылымдарды қауіпсіз жоғары кернеулі сыммен қоршау туралы шешім қабылданған. Республикалық маңызы бар жол өтетін елді мекендерде жаяу жүргіншілер өткелдерін прожекторлармен жарықтандыру жоспарланған.

Жол белгілерін жол бөлігіне проекциялау жүйесі түнгі уақытта "зебраны" қауіпсіз етеді деп күтілуде.

Қарағандыда 2022 жылы 18 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан бағдаршамдарды басқару жүйесін ауыстыруды бастау жоспарлануда.

Қарағанды-Теміртау жолы қосымша жарықтандырылады. Шамдарды орнату мәселесі мердігердің жоқтығынан туындады. Осы кезеңде жарық жабдықтарының бір бөлігі істен шықты. Қазір шамдардың 50%-ы қалпына келтіріліп, қалғандарын жақын арада ретке келтіру көзделіп отыр.

Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллиннің айтуынша, жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеуге арналған жаңа аппараттық-бағдарламалық кешендер өз тиімділігін көрсетті. Олар 1 қазанда облыстың бес қаласында орнатылды. Төрт күн ішінде 14 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек бейнебақылау камераларын қосымша қаржыландыруды қарастыруды тапсырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу