Қарағанды облысында көмір тиелген 8 вагон жолдан шықты

547

2 вагон аударылған.

Қарағанды облысында көмір тиелген 8 вагон жолдан шықты

Қарағанды облысында көмір тиелген 8 вагон жолдан шығып, 150 метр теміржол төсеміне зақым келді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

"2 қарашада сағат 06:00-де Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара станциясы теміржол аралығының 27 шақырымында кірме жолдарында көмір тиелген 8 вагонның доңғалақ жұптары жолдан шықты, оның екеуі аударылды",– деп жазылған министрлік хабарламасында.

Оқиға салдарынан 150 метр теміржол төсеміне зақым келген.

"Оқиға пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Зардап шеккендер жоқ. "Разрез "Кузнецкий" ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде", – деп нақтылады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу