Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған тағы бір науқас жансақтау бөліміне түсті

569

62 жастағы пациенттің жағдайы нашарлай түскен. 

Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған тағы бір науқас жансақтау бөліміне түсті Фото: Inbusiness.kz

Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған тағы бір науқас бүгін реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Бұл туралы Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова хабарлады, деп жазады inbusiness.kz облыстық ДСБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгінде сібір жарасы диагнозы расталған екі науқас ем алып жатыр. Бір науқас 62 жаста. Ол тері қабыну синдромының күшеюіне, ісіну көлемінің ұлғаюына байланысты реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Екінші пациент 41 жаста. Жұқпалы аурулар орталығының нейробокс бөлімшесінде жатыр. Ауырлық дәрежесі орташа. Толық көлемде ем қабылдап жатыр", - деді Бибігүл Төлегенова.

Еске салайық, осыған дейін Қарағанды облысы Топар кентінде бір отбасының 3 мүшесі сібір жарасын жұқтырғанын жазған болатынбыз. Өкінішке қарай, жансақтау бөлімінде жатқан 1948 жылғы науқас көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу