Қарағанды облысында үш көліктің соқтығысуы салдарынан бес адам жан тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Оқиға Қарағанды облысындағы Абай қаласы мен Дубовка ауылы арасында, "Қызылорда – Павлодар" тас жолының 931-ші шақырымында 9 маусым күнгі сағат 22.23-те болды. Audi, Chevrolet Cobalt, және Toyota Previa көліктерінің соқтығысуы салдарынан 5 адам мерт болды. Атап айтсақ, Chevrolet көлігінің 22 жастағы жүргізушісі мен төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмды", - делінген жергілікті полиция департаменті таратқан хабарламада.
Ал екі жолаушы ауруханада жатыр.
"Екі адамның жағдайы ауыр, оларға ауруханада тиісті көмек көрсетілуде", - деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы басшылығы.