Қарағанды облысында қайғылы жол апаты орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
"12 тамыз күні түнгі сағат 2:00 шамасында Ақтоғай ауданында "Балқаш – Гүлшат" тас жолында 65 жастағы Subaru автокөлігінің жүргізушісі жолдағы ескерту белгілерінің барына қарамастан, жолдың жөнделіп жатқан бағытына шығып, сол жерде жол жөндеумен айналысып жатқан, 47 жастағы азаматтың басқаруындағы Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Subaru автокөлігінің жүргізішісі және оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", – деп жазылған ІІМ порталында.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталан.