25 шілдеде Алматы – Екатеринбург тасжолында жол апаты болып, екі адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қарағанды облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының взвод командирі Арман Камилмұратовтың Zakon.kz тілшісіне хабарлауынша, оқиға сағат 15:00 шамасында Шопа ауылының маңында болған.
"Toyota Prado, Hyundai Sonata, Toyota Avesis маркалы үш көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тауып, 10 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - деді ол.
Полицей бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалғанын айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу