Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға 10 маусымда сағат 9.59-да Алматы - Екатеринбург тасжолындағы 655-ші шақырымда болған. Екі MAN ауыр жүккөлігі соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан 20 жастағы жүргізуші мен 31 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Екінші көліктің жүргізушісі мен үш жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді Полиция департаментінің өкілдері.
Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қажет сараптамалар тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу